«Шаг вперед» онлайн-сериалға айналады
ЧеннингТатум мен Дженна Даун-Татумның қатысуымен өте сәтті шыққан, динамикалық «Шаг вперед» жобасы бес толықметражды фильмнен тұрады. Жалпы әлемдік кассалық табысы алты жүз елу миллион долларды құраған жоба жалғасын таппақ.нақтырақ айтсақ, енді YouTube-та онлайн-сериал ретінде көрсетіледі. Жобаның продюсерлігімен сол баяғы Адам Шэнкаман, Мередит Милтон және Дженнифер Гибгот айналысады. Жобаға продюсерлік етуге франшизмнің басты актерлері Ченнинг Татум және Дженна Даун-Татум ниет білдірді, бірақ олардың актерлық құрамда бар-жоқтығы әзірге белгісіз. Lionsgate Television өндірістік компаниясының ғаламтор жобасына қатысты жоспары орасан, өйткені тақырып ауқымды, аудитория жақсы пікір білдіреді деген үмітте. Түсірілім жұмыстары жақын күндері басталады, ал тұсаукесері келесі жылға жоспарланған.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін