Әзірге бар ақпарат осы. Тіпті түсірілімнің қашан басталатыны да белгісіз, өйткені Гай Ричи қазір басқа жобамен қолы тимей жүр. Алайда кіші Роберт Дауни Шерлок туралы фильмнің жұмыстарына кірісуді тағатсыздана күтіп жүр. Актердің айтуынша, бұл өте қиын, бірақ қызық жұмыс. Былтырғы жылы Ватсонның рөлінде ойнаған Джуд Лоу фанаттарға келесі үшінші бөлімнің бұрынғыларға қарағанда айлалырақ, қызықтырақ болатынын айтып қалған еді. Ал әзірге сценарий жұмыстарымен Дрю Пирс айналысуда. Ол «Темір адам» жобасының да сценарийін жазған болатын.