Сильвестр Сталлоне боксшы Джек Джонсон жайлы фильмнің түсіріліміне дайындалуда

Сильвестр Сталлоне («Рокки», «Тежеусіз») өзінің Balboa Productions студиясымен бірге әйгілі боксшы Джек Джонсон жайлы фильмнің түсіріліміне дайындалып жатыр. Джек Джонсон көптеген чемпиондық атақтарға ие болған. Ол ауыр салмақтағы ең алғашқы афроамерикандық чемпион болды. Жақында Сталлоненің қоңырауынан кейін АҚШ президенті Дональд Трамп Джонсонға қайтыс болғаннан кейін кешірім берді.
1910 жылы Джонсон ақ нәсілді құрбыларының бірі Белль Шрайберді штаттар арасындағы шекара арқылы өткізген еді. Сол жылы қабылданған Манна заңы әйелдерге штаттар арасындағы шекарадан өтуге және елге «азғындық мақсатта» келуіне тыйым салған. Толықтай ақтардан құралған алқабилер соты Джонсонға әйелді «арам пиғылмен» шекарадан өткізді деген айып тағып, бір жылға түрмеге қамаған болатын.
.jpg)







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін