Sony «Слендермен» хоррорының бірінші трейлерін жарыққа шығарды. Таспа аясында дау-дамай туындады. «Фильм өте жиіркенішті әрі трагедия арқылы пайда көздеп отыр», - деді Билл Вейер. Ол ғаламтордағы ойдан шығарылған кейіпкерге ұнау үшін сыныптас қызға пышақ сұққан қыздардың бірінің әкесі болып табылады. Фильм мамырда айналымға шыққан соң, Висконсиндегі кинотеатрлардан бұл сұмдықтың көрсетілмейтінінен үмітті. «Осындай сұмдықтан фильм жасағандары өкінішті. Олар трагедияны дәріптеп жатыр. Мен таң қалып жатқан жоқпын, бірақ меніңше, бұл жиіркенішті. Фильм мұндай жағдайды басынан өткізгендердің жарасын тырнайды ғой», - деді Билл Вейер.