Фильм көрерменге өлім құштырды
«Заклятие 2» хоррор-фильмінің көрсетілім кезінде Үндістан тұрғыны кинотеатрда қайтыс болды. Көрерменнің жасы алпыс бесте болатын, ол кинотеатрға өзінің досымен бірге барған. Көрсетілім барысында ол кеуде тұсының қатты ауырғанын айтқан.Бірақ досы оны ауруханаға тірідец жеткізіп үлгермеген. Ауруханада оның жүрек талмасынан қайтыс болғанын ескертіп, мәйітті басқа ауруханаға жеткізу керектігін айтқан. Ауруханаға кетіп бара жатқан жолда қайтыс болған адамның досы мәйітпен бірге жоғалып кеткен. Бүгінде олар іздестіріліп жатыр.
«Заклятие 2» фильмі Эд және Лоррейн Уоррен сынды экстрасенстер жайлы. Иолар Энфильд қаласындағы қара күштермен күреседі, сондықтан олар мен қала тұрғындарының арасында түсінбестік туады.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін