Брэд Питт пен Марион Котийяр бірікті
Екінші дүниежүзілік соғыс және АҚШ (Бред Питт) пен Франция (Марион Котийяр) барлау қызметінің екі агенті. Олар екеуі бірлесіп солтүстік Африкада құпия операция өткізеді. Нәтижесінде олар бір-біріне ғашық болып, үйленеді, балалы болады. Арада біраз жыл өткен соң Бред Питтің кейіпкері өз әйелінің шын мәнінде ұлтшылдардың жансызы екенін біледі. Күтпеген жағдай, енді не істеу керек. Атақты жұлдыздардан бөлек картинаға Мэттью Гуд және Лиззи Каплан қатысты. Фильмнің тұсаукесері биылғы жылдың қараша айына жоспарланған. Режиссер Роберт Земекис «Форрэст Гамп» және «Назад в будущее» картиналары арқылы белгілі.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін