Таиландағы үңгірден балаларды құтқару тақырыбы екі бәсекелес фильмнің негізіне айналмақ
Таиландағы үңгірден балаларды құтқару тақырыбы екі бәсекелес фильмнің негізіне айналмақ. Режиссер Джон М. Чу («Жалғандық сағымы 2», «G.I. Joe: Әбжыланның ырғуы 2») Twitter'гe эмоцияға толы хабарлама жариялады: «Мен Голливудқа Таиландтағы үңгірден құтқару жайлы хикаяны экрандау құқығын беруге қарсымын! Мүлдем болмайды! Біздің кезімізде емес. Бұл болмауы тиіс, әйтпесе біз оларға тозақты көрсетеміз. Басқа адамдарды құтқарған адамдар жайлы әдемі оқиғалар бар. Құрмет пен сыйластық тудыратын әрбір адам бұл хикая жайлы осылай ойлайды».
Джон М. Чу мен Ivanhoe Pictures студиясының бұл хабарламасы Pure Flix Entertainment голливудтық студиясы құтқару міндетіне қатысты экрандау құқығын сату туралы жариялаған соң, бір күннен кейін пайда болды. Қазіргі таңда осы жоба жайлы барлық деңгейде Таиландтағы қызметтік өкілдермен көптеген келіссөздер жүргізілуде. 12 баладан және жаттықтырушыдан құралған футбол құрамасы үшін үш апталық сынақ кең көлемді операция болып, сейсенбі күні аяқталды.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін