È

Хан Соло жайындағы спин-офф басқа режиссер іздейді

Хан Соло жайындағы спин-офф басқа режиссер іздейді. Әлемдік кино

Хан Соло туралы фильм жобасынан режиссерлары - Фил Лорд пен Кристофер Миллер шығып кетті. Оның басты себебі, қоюшылардың Lucasfilm басшысы Кэтлин Кеннедимен келіспеушілігінде болып отыр. Ресми мәлімдеме бойынша екі жақта «шығармашылық кикілжіңдер» туындаған.

Инсайдерлердің хабарлауынша, кикілжіңнің себебі Кеннеди мен қоюшылар арасындағы түсініспеушілік болған көрінеді. Басшының тіпті, «екеуінің шұлықты қалай жинағандарын көріп» жыны ұстаған.

Басқа нұсқасы - Лорд пен Миллер Хан Солоны комедия кейіпкері ретінде көрген, ал студия оны қылжақбас өзімшіл етіп көрсетуге тырысқан.

Осылайша, студия Лорд пен Миллерді жұмыстан шығарып жібереді де, орнына Рон Ховардты алуды жоспарлайды. Егер Ховард келісімін берсе, Lucasfilm таспаны жоспарланған уақытта (2018 жылдың мамыр айы) шығарып үлгереді. Дегенмен, қазір қоюшының жобалары көп көрінеді.

Негізі, Голливудта соңғы түсірілім уақытында режиссерларды жұмыстан шығарып жіберу үрдісі көп кезіге бермейді. Оның үстіне, Лорд пен Миллер жұмыстың біраз бөлігін тындырып тастаған. Ендігі сұрақ – олар титрдан көрсетіле ме екен?

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақылжан Мақашев

Актер

Еркебұлан Тасынов

Актер

Меруерт Қасымбек

Актриса

Әділет Әбдірәсіл

Актер

Әсет Әбдірәсіл

Актер

Ахат Ибраев

Режиссер