È

«Disney» студиясының ұрланған фильмі туралы деректер пайда болды

«Disney» студиясының ұрланған фильмі туралы деректер пайда болды. Әлемдік кино

«The Walt Disney» ұйымының басшысы Боб Айгер өткен жолы хакерлердің фильмді ұрлап алып, Желіге жүктемес үшін ақша талап еткенін мәлімдеген болатын. Ол «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» фильміне қатысты туындаған дау еді. Боб Айгер алаяқтармен келіссөз жүргізгенін растады. Олар шынында да студияның бір фильмін ұрлағандарын, сол үшін ақша талап еткендерін, болмаса желіге жүктейтіндерін айтқан. Бірақ, бұл ұрлық емес, сайтты бұзу болды. Сондай-ақ, хакерлер «Кариб теңізінің қарақшылары: Өлгендер ертегі айтпайды» фильмінің ең жоғары сапалы көшірмесін ұрлап алған. «Torrent Freak» басылымы өзіндік зерттеу жүргізді. Нәтижесінде, «Жұлдыздар соғысы: Соңғы джедай» («Звёздные войны: Последний джедай») фильмінің сынамалы нұсқасының ұрланғаны анықталды. Сегізінші эпизодтың көшірмесін «Lucasfilm» студиясының бір қызметкері ұрлап алған екен.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Аян Өтепберген

Актер

Дастен Шәкіров

Актер