Киностудия Skydance, Bad Robot және Paramount Pictures «Стартрек» франшизасының төртінші бөлімініің шығатынын ресми хабарлады. Онда Крис Пайн және Крис Хемсворт әкесі мен ұлының рөлін ойнайды. Крис Пайнның кейіпкері - капитан Киркке төртінші бөлімде әкесімен кездесуге мүмкіндік беріліп отыр. Ұлының рөлінде Крис Хемсворт. Өйткені оның әкесі баяғыда қайтыс болған, сондықтан оның әкесімен кездесуге мүмкіндігі болмады. Жаңа эпизодта Зои Салдана, Закари Куинто, Джон Чо және басқалар ойнайды. Ал қайтыс болған Антон Ельчинді фильмде кімнің ауыстыратыны әзірге белгісіз.