NEON студиясы «Плохая партия» фильмінің проморолигін жариялады
Постапокалипсис. Адам жегіштер тобы Техасстағы ен далаға жайғасады. Олардың құрбандары бар, Сьюки Уотерхаус ойнаған солардың біріне Майамиден келген адам жегіштердің басшысы ғашық болып қалады. Оның рөлін Джейсон Момоа сомдады.
Сондай-ақ, фильмде: Киану Ривз, Диего Луна, Джованни Рибизи және Джим Керри ойнайды.
Фильм алғаш рет өткен жылдың 6 қыркүйегінде Венеция кинофестивалінде көрсетілген болатын. Кинотаспа «Әділқазылардың арнайы сыйлығына» ие болған.
Әлемдік айналымға «Плохая партия» картинасы маусым айында шығады.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін