Sony студиясы «ЭМОДЖИ ФИЛЬМнің» алғашқы трейлерін жариялады
16 мамырда ТиДжей Миллер - «ЭМОДЖИ ФИЛЬМ» фильміндегі басты кейіпкер Джинның дауысын салған актер Канндағы арнайы шарада анимациялық комедияның алғашқы трейлерін таныстырды.
Фильмнің Қазақстандағы тұсаукесері 17 тамызда болады. Киноның ҚР аумағындағы ресми өкілі - «Меломан» компаниясы.
Картина әдемі қалашық Текстополисте тұратын эмоджилар - адамдардың әдеттегі хабарлама жазу барысында қолданатын смайликтер туралы. Олардың барлығы өздерін таңдағанда қатты қуанады. Бірақ бір эмоджи бір ғана көңіл-күйді сипаттайды, ал Жын бірден бірнеше көңіл-күйді білдіре алады. Барлығы жақсы болатын. Алайда, Жын шатасып кетіп, біртүрлі көңіл-күйді көрсетіп қояды. Сол себепті, оның иесі телефонда ақау бар деп ойлайды. Ендіге кезекте, қалаға қауіп төніп тұр. Өйткені, телефон тазаланса, олардың барлығы өліп қалуы мүмкін.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін