È

«Warner Bros.» студиясы «Болашақ шекарасы» сиквелін Том Круз бен Эмили Бланттың қатысуымен түсіруді ұйғарды

«Warner Bros.» студиясы «Болашақ шекарасы» сиквелін Том Круз бен Эмили Бланттың қатысуымен түсіруді ұйғарды. Әлемдік кино

«Болашақ шекарасы» 2014 жылы жарыққа шыққан. Ол сыншылар тарапынан үлкен қолдауға ие болған, алайда айналымда көп қаржы жинай алмады. Фильмде Том Круз әскери жігіт Билл Кейджді, ал Эмили Блант Рита Вратаскиді сомдады. Сюжет бойынша Кейдж бөгдепланеталық жаулармен күресіп, қайтыс болады да, барлығы қайтадан басталады. Осылайша ол уақытша қамауға түсіп қалады да, одан ақырында Рита құтқарады.

Жобаны жалғастыруды көздеп, екінші бөлімін түсіру үшін Даг Лайманды шақырады. Режиссер екінші бөлімнің қызықтырақ болатынын айтты. Өйткені, көрермендерді ерекше оқиға күтіп тұр екен. Оның үстіне, сиквелді бірінші фильмдегі «Өмір сүр. О дүниелік бол. Және қайтадан. Қайтадан» ұранымен атайтын болады.

Том Круз бен Эмили Блант картинаның жалғасына түсуге келісімдерін берді. Енді тек жұмыс кестесін ретке келтіру ғана қалды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер