È

«Түбіне жету»: Мэгги Кью мен Люк Хемсворт хоррорда басты рөлдерді сомдайды

«Түбіне жету»: Мэгги Кью мен Люк Хемсворт хоррорда басты рөлдерді сомдайды

Мэгги КьюЕріксіз алаяқ болғандар», «Сламбер: Түс лабиринттері») және Люк Хемсворт («Тор: Рагнарёк», «Жабайы Батыс әлемі» хикаясы) «Түбіне жету» хоррорында басты рөлдерді сомдайды. Фильм түсірілімі осы аптада басталып, «Ара» франшизасының режиссері Даррен Линн Боусманның жетекшілігімен Таиландта өтеді. «Түбіне жету» сценарийін Эри Маргулис, Джеймс Морли және Дэвид Тиш жазған.

«Түбіне жетудің» экранды хикаясы экзотикалық елде демалып жатқан жұпқа негізделеді. Бір күні таңертең олар болған істі ұмытып қалады. Күйеуі (Люк Хемсворт) мен әйелі (Мэгги Кью) алдыңғы түнде не болғанын білу үшін бейнежазбаға үңіледі де, бір түрлі рәсімге қатысқандарын біледі. Жазба соңында күйеуі әйелін өлтіреді, бірақ негізі Мэгги Кьюдің кейіпкері әлі тірі және тыныс алып жүр.

«Мен мансабымда көптеген таңқаларлық ғажайып жерлерде фильмдер түсірдім. Менің Таиландтағы армандаған түсірілімім орындалды. Осындай дарынды актерлармен, ниеттес топпен бірге жұмыс істегеніме бақыттымын. Ұзақ жұмыс істеген әсерлі әңгімеміз ақыры экрандалатын болды-ау», - деді Боусман.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер