«Аспанға тәуелділер»: High Octane Pictures-тің тұсаукесер алдындағы трейлері
«Аспанға тәуелділер» («Skybound») – бұл Алекс Таваколидің толыққанды авторлық дебюті, ол мұнда сценарист, режиссер әрі атқарушы продюсер ретінде көрінді. Таспа High Octane Pictures студиясында түсірілді, картинаға Гэвин Стенхаус («Қара айна» хикаясы), Мортен Суурбалле («Викингтер» хикаясы) және Скарлет Бирн («Гарри Поттер») сынды жұлдыздар түсті.
«Аспанға тәуелділер» сюжеті бойынша ұшақтың бес жолаушысы жерде болып жатқан жұмбақ апаттың салдарынан қона алмай жүреді. Олар өздері ойлағаннан да сұмдық қауіпке тап болады. Бортта билеті жоқ бір жолаушы табылады, ол аса қауіпті құпиялы жүкті тасымалдап жүр екен.
Сондықтан, Таваколидің дебюті – жәй ғана турбуленттілік емес, жас жұлдыздардың қатысуындағы әуедегі күрес.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін