È

SXSW 2018: Джейсон Стоунның «Бірінші жарық» ғылыми-фантастикалық драмасы келімсектермен байланыс жайлы баяндайды

SXSW 2018: Джейсон Стоунның «Бірінші жарық» ғылыми-фантастикалық драмасы келімсектермен байланыс жайлы баяндайды

«Бірінші жарықтың» сценарий авторы және режиссері Джейсон Стоун («Ривердэйл», «Ван Хельсинг» хикаялары) ғылыми-фантастикалық жанрында алдыңғы атқарылған жұмыс үлгілерін пайдаланған. Басты кейіпкерлер-тинейджерлер тәжірибесінің аздығы, сонымен қатар соңғы уақыттағы өркениет өзгерістері Стоунға қарапайым Калифорния ауылындағы оқиға кейіпкерлерін көрсетуге мүмкіндік береді. Жоғарғы мектеп оқушысы Шон демалыс күндері (Теодор Пеллерен, «Бұл жәй ғана ақырзаман») үнемі әртүрлі оқиғаларға тап болатын, бала кезден бергі досы Алекспен (Стефани Скотт, «Астрал 4: Соңғы кілт», «Жылдамдықтағы өмір») бірге қалады.

Енді Алекс басынан сөз асырмайтын даукес Томмен (Джеймс Уозерспун), кездеседі. Том Алекстің өзге ғаламшарлықтардың өмірімен байланыс орнатқаннан кейін көрген алғашқысы болатын. Қыз үш жарық жарқырағаннан кейін қимылдау қабілетінен түгелдей айырылды. Ол өзінің аты мен қайда тұратынын да ұмытып қалады. Ол Шонды шешілмейтін жұмбақтың кілтін іздеуге мәжбүр етеді. «Бірінші жарықтағы» оқиғалар Алекс полиция машинасын ұрлап кеткеннен кейін жылдам дами бастайды.

Шон мен Алексті іздестіруге арналған ауызша айтуымен жасалған портрет жігітті «Бонни және Клайд сияқты» оларды қашуға мәжбүрлеген ұрлаушысы ретінде көрсетеді. Полициядан қашқан Алекс қарапайым өмірге оралады, бірақ күтпеген жерден оның басқаларды қорқытатын ерекше күші пайда болады. Алғашқы келімсектермен байланыс орнатқан әрекеттен кейін, Стоун саналы түрде ғылыми-фантастикалық тақырыптарды тоқтатады. Алекстің телекинетикалық қабілеті тәжірибесін сценарийге енгізілген қызықты идеяның дамуында барынша азайтып, драмаға айналдырады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер