Тағы да ойнаймыз ба?
Кинокомпания Lionsgate «Пила» хоррор-фильмі 2017 жылы 27 қазанда Хэллоуинде шығатынын хабарлады. Фильмнің қойылымымен австралиялық егіздер Питер және Майкл Спириг айналысады, олар «Восставшие из мертвых», «Патруль времени» және «Войны света» қорқынышты фильмдері арқылы белгілі. Lionsgate жоспары мұнымен бітпейді. Келесі жылдың тамыз айында комедиялық «Телохранитель киллера» атыс-шабыс фильмі шығады. Онда Гари Олдман, Сэмюэл Л. Джексон және Райан Рейнольдс ойнайды. Сюжет элиталы күзет агенттігі туралы, ол бұрын өзінің жауы болған жаңа клиентке көмектесуге мәжбүр болады. Қаскүнем адамды жоюға екеуінің тек 24 сағат уақыты бар.
Киностудияның тағы бір жаңалығы «Пассажир» триллері. Оны Хаум Кольет-Серра түсіреді. Сюжет бойынша бас кейіпкер - криминалдық іске қатысы бар сақтандыру агенті.








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін