Дуэйн «Скала» Джонсон өзінің кейіпкері Люк Хоббсстың оқиғасымен мақтанып та үлгерді. Мықты жігіттер мен машиналар туралы франшизаның сегізінші бөлімінде Люк Хоббс қатаң режимдегі түрмеге түсіп қалады. Бұл туралы Джонсон Instagram парақшасына пост жазып, оқиғаны баяндап берді. Осыдан бір ай бұрын жобаның сценаристі Крис Морган режиссерден егер Люк Хоббс түрмеге түссе қалай болады деп сұраған болатын. Джонсон оған өте қызық болады, егер түрмеден қашып кетсе тіпті қызығырақ болар еді деп жауап берген еді. Мүмкін бұл кейіпкердің миссияларының бірі болуы мүмкін. Фильмнің тұсаукесері 2017 жылдың 13 сәуіріне белгіленген.