È

«Терминатор»: «Капитан Филлипстің» авторы Билли Рэй сценарийді қайта жазбақ

«Терминатор»: «Капитан Филлипстің» авторы Билли Рэй сценарийді қайта жазбақ

«Капитан Филлипстің» сценаристі Билли Рэй Paramount үшін жаңа «Терминатордың» сценарийін қайта жазатын болды.

«Дэдпулдан» босатылған Тим Миллер франшизаның алғашқы екі фильмін түсірген Джеймс Кэмеронмен бірге жұмыс істейді. 1991 жылы «Терминатор 2: Ақырзаманнан» кейін Кэмерон жалғасына қатысты ұсыныстардан бас тартып келген. Жаңа «Терминаторға» жаңа әрі жас кейіпкерлер қатысады.

«Бұл - «Терминатор 1» мен «Терминатор 2» фильмдерінің жалғасы болмақ. Басқа картиналардың жаман түс секілді болғанын түсінеміз», - дейді Кэмерон.

Ол жаңа түсірілімнің Миллер идеясы екенін атап кетті: «Шынында, басқасына қарағанда, бұл жұмыспен Тим көбірек айналысты. Бұған таң қалмасқа болмайды, себебі оның жобаға келгені мен үшін күтпеген жағдай еді. Менің жалғыз өтінішім, франшизаны жаңартып, 21-ғасырға сай қылып түсіру болды».

Сара Коннорды сомдаған Линда Гамильтон және Арнольд Шварценеггер қайта оралуы мүмкін. Кэмерон франшизаны кейіпкерлерге жаңа леп беру мақсатында жаңартқанын айтты: «Біз полицейдің таяғын жаңа кейіпкерлерге ұстатамыз. Қазіргі таңда 18-жасар жас қызды іздестірудеміз, ол бар оқиғаның жаңа кейіпкері атанбақ. Оған қатысты көптеген жоспарлар бар. Біз оқиғаға жаңа дем беруге әлі де құштармыз, оған Арнольд пен Линданың көп көмегі тиеді».

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер