È

Ticketon Live & Brod.kz: №15 шығарылым

Тайтл: Ticketon Live & Brod.kz: Қияли жарыс

«Фантастическая любовь и где ее найти» фильмі – Белла Браун есімді өзгеше қыз туралы, ол қазіргі жастардың жақсы көретін дүниелеріне қызығушылық таныта қоймайды. Ол армандағанды ұнатады, өз өмірінің жарқын түстерге толы болуын қалайды. Басты арманы – көптеген жылдар бойы азық болатын балалар кітабын жазу. Бірақ, ол ботанофобиямен ауырады, яғни өсімдіктерден қатты қорқады. Алайда, кейіпкердің екі таңдауы болады: бірі қорқынышын жеңіп, қаралмай кеткен бақшаны гүлдендіру керек немесе жалдап тұрған пәтерінен айырылады. Дегенмен, бойжеткен бақшаны жөндеуге бар күш-жігерін жинап кіріседі. Фильм сценарийі 2009 жылы дайын болған. Сол кездің өзінде сыншылардың сөзіне қалған еді. Бірақ, фильмнің түсірілуі үшін 8 жыл күтуге тура келген шығар. Басты рөлдерде Джессика Браун-Финдли, Том Уилкинсон, Эндрю Скотт, Джереми Ирвин ойнады.

«Фантастическая любовь и где ее найти» фильмінен көрініс

Мүлдем бөлек қиял-ғажайыптың бір түрі қылмыстық әлемге қатысы бар қызуқанды жүргізушілер туралы оқиғаның сегізінші бөлімі осы жолы да киножинақтың алдыңғы қатарынан табылатындай көрінетін шығар. Соған «Форсаж» франшизасының келесі шығарылымы үмітті. 16 жыл бұрын шыққан бірінші картинаның әлемдік жинағы 207 млн. долларды құраған болса, бұл жолы фильм бюджетінің өзі 250 млн. доллардан асқан. Көлемі ұлғайып, жарыс жалғасуда. Мия мен Брайан ойыннан шығып жатқанда, Доминик пен Лекси бал айына кетеді. Топтың басқа мүшелері өздерімен-өзі қалыпты өмір сүріп жүреді. Алайда, белгісіз бойжеткен Доминикті қылмыс әлеміне итермелеп, жақындарын сатып кетуге мәжбүрлейді. Топ күтпеген қиындықтар басынан өткереді, осы сынақ олардың қандай адам екендігін білдіреді.

«Форсаж 8» фильмінен көрініс

Осы аптаның кассалық жинағы бойынша бірінші орынды «Сплит» фильмі алды. Үздік үштіктің қатарында «Босс-молокосос» анимациялық туындысы және үшінші орынмен «Время первых» картинасы алда келеді.

Естеріңізге саламыз, «Бродвей» оқырмандары мен «Тикетон» қолданушылары байқаудың қарапайым шарттарын орындап, киноға екі билет ұтып ала алады. Ол үшін әлеуметтік желі арқылы «Тикетон» (@ticketonkz) парақшасына жазылып, төмендегі бейнероликті өз парақшаңызға #ТикетонLive52 хэштегін қою арқылы бөлісесіз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Нұржұман Ықтымбаев

Актер