È

Ticketon Live & Brod.kz: №16 шығарылым

Ticketon Live & Brod.kz: Әйел сиқыры

Әйел қызғанышынан артық қорқынышты елестету қиынға соғатыны анық. Ницше «қызғаныш – үйлесімді құштарлық және ең ұлы ақымақты» деген екен. Ал жаңа картинаның кейіпкерлері осы ойды дәлелдей түскендей. «Наваждение» фильмі Голливудтың сұрқай ертекшісі Тим Бертонмен бірнеше рет серіктестік жасаған продюсер Дениз Ди Новидің режиссерлік дебюті болды. Осының өзі картинаның негізгі құрамын айтып бере алады.

Фильм Тессенің (Кэтрин Хайгл) қазіргі таңда басқа әйелмен (Розарио Доусон) кеткен күйеуі Дэвидпен (Джофф Стульц) ажырасуы жайында. Бұрынғы күйеуінің қазіргі әйелі Тессе екеуінің қыздары Лилимен дос болуға ұмтылады. Тессаның қызғанышы мен өзін-өзі төмен түсіруі өрши түседі, ал кек алуы тіпті сұмдық болып кетеді.

Джон Малкович, Майкл Дуглас пен Орландо Блум – осыларды кез-келген көрерменді баурап алатын алтын құрам десек те болады. Дегенмен, бұл фильмде басты рөлді әйел адам сомдайды. «Секретный агент» деп аталатын картинада нәзік жанды бола тұра өз мемлекетіңнің құқығын, заңын қорғау қаншалықты қиын екендігін баяндалады. Апаттық қателік салдарынан ЦРУ агенті (Нуми Рапас) құпия мәліметтерді жариялап қояды да, оны өз кезегінде террористер біліп алады.

Ангияның астанасына биологиялық қауіп төніп тұр, агенттің беделі қыл үстінде тұр. Ол өз қателігін тез арада жөндеуі тиіс. Бұл әрине оңайға соқпасы анық. Өйткені, кімге сенеріңді, кімге сенбесіңді білмейсің.

Отандық айналымдағы үздік үштік: 1-орын - «Форсаж», 2-орын – «Время первых», 3-орын – «Уйти красиво».

«Тикетон» компаниясының байқауына қатыса алатындарын тағы да оқырмандардың есіне сала кетсек. Киноға 2 билет ұтып алу үшін әлеуметтік желілерде «Тикетонға» (@ticketonkz) жазылып, төмендегі бейнежазбаны өз парақшаңызға #ТикетонLive53 хэштегі арқылы саласыз.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Тұңғышбай Жаманқұлов

Актер