È

Ticketon Live & Brod.kz: №20 шығарылым

Тайтл: Ticketon Live & Brod.kz: Түнгі қорқыныш

Жаңаның барлығы – бұл ұмытылып қалған ескі дүние, кинематографтар мұны біздің есімізге жиі салып тұрады. Marvel мен DC суперкейіпкерлер туралы әлемдік жобаларын кеңейтіп жатқанда, Universal студиясы классикалық құбыжықтар туралы фильмдерін жаңғыртуға кірісті. Өйткені, аталмыш киностудия 1931 жылдан бастап қорқынышты фильмдер шығарудың үздігі атанған. Осылайша, оның алғашқы жобасы «Мумия» фильмінің ремейкі болды.

Картинаның түпнұсқасы сонау 1932 жылы жарыққа шыққан. Негізі, жаңа таспа жобаның 85-жылдығына арналады. Басты рөлде - Том Круз, ол 1999 жылы, яғни 18 жыл бұрын алдыңғы «Мумияның» рөлін ала алмаған болатын. Есесіне, қазір сомдауға мүмкіндік алды. Оның үстіне, әйел-мумиямен шайқасқан оңайырақ қой. Бастысы, өзі құбыжыққа айналып кетпесе болғаны.

«Мумия» фильмінен көрініс

Қартайып бара жатса да, тартымдылығын жоғалтпаған Антонио Бандерас жаңа тұсаукесердің арқасында тағы бір жаңа қырынан танылмақ. 2008 жылы француз телевизиялық таспасының негізінде түсірілген «Қара көбелек» картинасы шабытын жоғалтқан жазушы туралы баяндайды. Кейіпкер рухани күйзеліске түсіп, өркениеттен алыс жүруді көздейді де, ішкілікке салынып кетеді. Бірақ, тағдырдың қалауымен оның өмірінде жақсы адам пайда болады. Ол адам үйін жинап, тамағын дайындап, күйзелісінен құтқара отырып, кейіпкерді жазушылық жұмысына қайта оралтады. Дегенмен, кей адамдар туралы пікіріміз жақсы бола бермейді. Оның үстіне, қара көбелектің бейнесі салынған таңбаның жақсылық әкелмейтіні анық қой.

«Кариб теңізінің қарақшылары. Өлгендер ертегі айтпайды» картинасы әлі де айналымдағы үздіктердің алдыңғы қатарында келе жатыр. Екінші орында «Ғажайып-әйел» туындысы тұр. Ал үшінші орынға «Малибу құтқарушылары» жайғасты.

«Тикетон» байқауының әлі де өтіп жатқандығын естеріңізге саламыз. Сіздің киноға 2 билет ұтып алуға мүмкіндігіңіз бар. Ол үшін, #ТикетонLive60 хэштегін пайдалана отырып, төмендегі бейнежазбаны өз әлеуметтік парақшаңызға бөлісу арқылы қоясыз.

 

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Болат Кисамбаев

7 тамыз 2017, 16:14

мумия вышла неплохой

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Камилла Ермекова

Актриса

Санұржан Сүлейменов

Актер