Ticketon Live & Brod.kz: № 25 шығарылым
Осы аптада көрермен назарына ілігетін әр түрлі тақырыптағы картиналардың тұсауы кесілді. Олардың арасында «Логанның сәттілігі» және «Элистің үйінде қонақта» фильмдері бар. «Логанның сәттілігі» картинасының режиссері - Стивен Содерберг, ол достар Оушен туралы трилогияны түсірген. Стивен «Шырағдандардың артында» фильмімен жұмыс істеп болған соң кинодағы режиссерлік қызметімен біржола қоштасатынын бірнеше рет хабарлаған болатын, алайда 2016 жылы аяқ астынан «Логанның сәттілігі» кинотаспасының түсірілімі басталып кетеді. Атыс-шабыс жанрындағы фильмде Дэниэл Крэйг, Ченнинг Татум, Адам Драйвер және Сет МакФарлейн ойнайды.
«Логанның сәттілігі» фильмінің сюжеті ағайынды екі жігіт туралы баяндайды. Біреуі жұмыстан қуылады да, ол ғасырдағы ең үлкен тонауды ұйымдастырады. Кейіпкерлер мұндай көлемді алаяқтықты қалай жасайтыны туралы ойланады. Оларға көмектесе алатын адам Джо Бабах (Дэниел Крэйг) түрмеде отыр. Ағайындылар бұл жағдайдан қалай шығады екен?

«Логанның сәттілігі» фильмінен көрініс
Егер сен 40 жасар әйел болсаң, күйеуің екі баламен тастап кетсе не істер едің? Көңіліңді түсірме, одан да үйіңе үш жас жігітті кіргіз. Дәл осылай «Элистің үйінде қонақта» картинасының басты кейіпкері Элис (Риз Уизерспун) жасады. Әйел кенеттен әр жігітке кезек-кезек ғашық болып қалғанын түсінеді. Ол сезімін тұсаулап, өз-өзін басқара алады ма?
Отандық бокс-офистың үздіктерінің қатарында «Апалы-сіңлілі жетеудің құпиясы» картинасы бар, ол 60 576 083 теңге көлеміндегі касса жинады. Екінші орында «Киллердің оққағары» фильмі тұр, картина 25 579 666 теңге көлеміндегі қаржыға ие болды. Үшінші орынды «Көңілді балақай» қылмыстық фильмі иеленді, таспа 22 225 971 теңге жинады.
«Тикетон» компаниясының байқауы әлі де жалғасуда. Егер жеңімпаз атанғыңыз келсе, төмендегі бейнежазбаны #ТикетонLive73 хэштегі арқылы бөлісіңіз.



пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін