È

Ticketon Live & Brod.kz: №30 шығарылым

Ticketon Live & Brod.kz: Батып бара жатқандарды құтқару

Апат туралы фильмдер шолу эффектілерінің арқасында әсерлі шығады, ал мұндай картиналардың сюжеті мен оқиғалары әрдайым жоғары деңгейде бола бермейді. Мінеки, Дин Девлиннің «Геодауыл» фильмінде адамдар дамыған технологияның арқасында ауа-райының өзін бақылауда ұстай алады. Ауа-райын бақылайтын жүйе істен шығып кетпегенде, барлығы жақсы болар еді. Ғаламшарды қауіптен Джерард Батлер, Джим Стёрджесс және Эбби Корништың кейіпкерлері құтқаруға тырысады.

Көрермен назарына тұрарлық екінші бір картина - Дмитрий Дьяченконың «Соңғы жауынгер» ресейлік комедиясы. Disney студиясы барлығымыз жақсы көретін ертегілерге тоқталуды жөн санапты. Кинодан біз Иван есімді қарапайым жігіттің оқиғасын көреміз, ол аяқ астынан Белогорье фантастикалық әлеміне тап болады. Ол жақта мәңгі өлмес Кощей, Жалмауыз кемпір, Су перісі және Горыныч жылан өмір сүреді. Фильм сюжеті қарапайым: жарқын күштер қара күштерді жеңу керек. Картинадағы басты рөлдерді Виктор Хориняк, Мила Сивацкая, Екатерина Вилкова, Константин Лавроненко сомдады.

«Америкада жасалған» фильмінен көрініс
«Америкада жасалған» фильмінен көрініс

Өткен аптада 99 млн. теңгеден астам қаржыға ие болған «Америкада жасалған» фильмі кассалық жинақтың үздігі атанды. Екінші орынды 54 708 450 теңге кассасымен «6 фут тереңдікте» картинасы иеленді. Үшінші орынға «Салют-7» ресейлік таспасы жайғасты, ол 20 млн. теңгеден астам қаржы жинады.

Құрметті оқырмандар, «Тикетон» байқауына қатысуды ұмытпаңыздар. Төмендегі бейнежазбамен әлеуметтік желіде #ТикетонLive79 хэштегін қоя отырып, бөлісіңіздер де, киноға 2 билет ұтып алыңыздар.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

BrodLive

26 Апреля, 2016

«Қазақстандық тұсаукесер». №5 Шығарылым: «Қаратас ауылындағы оба» фильмінің көрсетілімі

Бүгін Олег Борецкидің киноклубында «Партизандық кино» қозғалысының аясында түсірілген режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» атты фильмінің алғашқы көрсетілімі болды.

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер

Дидар Амантай

Сценарист

Досхан Жолжақсынов

Актер