Ивангай, Саша Спилберг және Марьяна Ро есімді видеоблогерлер Тимур Бекмамабетовтың Bazelevs компаниясының «Взломать блогеров» фильміне түсті. Сюжет ТМД аумағында танымал болған блогерлер - Марьяна Рожкова, Ивангай және Саша Спилберг - бір күнде YouTube видеопорталындағы аккаунттарынан айырылып қалып, Ғаламтор желісінің кеңістігінде адасып кетеді. Енді олар күнделікті қарапайым онлайн-өмірге оралулары үшін өздерінің жеке мәліметтеріне қастық жасағандарды іздемек болады. Олардың абырой-беделіне, карьераларына қауіп төнеді. Фильмнің қойылымымен Максим Свешников айналысты, ол «Страна чудес» және «Елки лохматые» фильмдері арқылы белгілі.
Алғашқы көрсетілім биылғы жылдың үшінші қарашасында болады.