IMDb.com кино туралы сайтының 2017 жылғы қорытындысы бойынша TOP-10
Жалпы, 2017 жылдың соңында фильмдер туралы IMDb.com интернет-базасының нұсқасы бойынша үздік фильмдер тізімі жарияланды. Бұл бұқаралық мәдениеттің көрермендердің талғамына қарай ойысуы туралы нағыз сенсация, нағыз үлгісі болды. Басқа сайттар (мысалы, Rotten Tomatoes) сыншыларға ұнаған тәуелсіз киноларды жарияласа, IMDb тізімі блокбастерлерге толы, тіпті арасында күтпеген туындылар да бар.
«Жүзбен жүгіруші 2049» өте аз касса жинап, құлдырауға шақ қалған еді. Бірақ, бұл фильм IMDb.com-ның қорытынды тізімінде бар. Сонымен қатар, барлығы «Әділдік одағы» туралы тоқтаусыз айтып жүрген болатын, бірақ ол экранға шығып, DC әлемі үшін аз көрсеткіштерге ие болды. Дегенмен, «Әділдік одағы» TOP-10-қа енді. Өзге рейтингтер секілді, бұл да түрлі парадокстарға толы, алайда... кәсіби мамандарға сенім артып, рейтингтегі фильмдерді қайта көргіңіз келе ме, жоқ па, жақсылап ойланыңыз.
2017 жыл қорытындысы бойынша IMDb.com сайтының TOP-10
1. «Оно»
2. «Ғажайып әйел»
3. «Сұлу ару мен құбыжық»
4. «Логан»
5. «Галактика сақшылары. 2 бөлім»
6. «Әділдік одағы»
7. «Бөтен: Өсиет»
8. «Сплит»
9. «Тор: Рагнарёк»
10. «Жүзбен жүгіруші 2049»








пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін