È

Трайбека-2018: «Арқа мен мойынның әні» көңілсіз романтикалық комедиясы қорғаушының көмекшісі жайлы әңгімелейді

Трайбека-2018: «Арқа мен мойынның әні» көңілсіз романтикалық комедиясы қорғаушының көмекшісі жайлы әңгімелейді

23 сәуір күні Нью-Йорктегі Трайбека фестивалінде «Кеңсе» хикаясының сценартисті әрі режиссері Пол Либерштейн өзінің басты рөлді сомдаған «Арқа мен мойынның әні» толықметражды дебюттік жұмысын ұсынды. Бұл таспа – көңілсіз романтикалық комедия. Либерштейн әкесінің кеңсесінде қорғаушының көмекшісі болып жұмыс істейтін Фред Тролликарды сомдайды.

Пол фильм авторы ретінде үш оқиғаны біріктіреді. Расымен, мағынасыз комедия бар, оның аты – Тролликар (ағалшыннан аударғанда «трамвай») және оны арқа ауруы үнемі мазалайды. Режиссердің айтуынша, бұл оқиға өзінің арқа ауруының мәселелерінен туындаған екен. Реганның (Розмари ДеУитт, «Ла-Ла Ленд», «Полтергейст») кеңсе тұтынушысымен байланысы бар, ол тіпті, күйеуімен ажырасуға дайын. Сондай-ақ, жолы болмаған ұлы мен табысты әкесінің де көпқырлы байланыстары бар.

Нәтижесінде, Либерштейннің «Арқа мен мойынның әні» фильмі әзіл сюжетке құрылған жеңіл, жартылай өмірбаяндық таспа болып шықты. Әсіресе, Фред пен оның көңілдесі Реганды арқа ауруынан басқа ешнәрсенің байланыстырмауы сәтті шыққан. Фред арқасына ән салдыратын инемен емдеушіге барғаннан бастап бой көрсетеді. Инелерді музыка әуенінің дыбысымен қолданады және инемен емдеушінің ұлы Фредті вилончелмен сүйемелдейді. Фред басқа музыканттармен бірге өнер көрсетуге дайындалады және оның үлкен музыкалық фестивальде топпен өнер көрсететін ессіз көрінісі - «Арқа мен мойынның әні» фильмінің және оның авторының жұлдызды сәті болып табылады.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Айнұр Ниязова

Актриса