«Капитан Фантастик» фильмінің траспортты көлігі аукционда сатылып кетті
«Капитан Фантастик» фильмінің кейіпкерлері 1993 жылы «Blue Bird» компаниясының өндірісіндегі мектеп автобусымен жүрген болатын. Фильм авторларымен байланыс орнатқан транспортты компанияның менеджері ғаламтор арқылы автобусты 6000 долларға саудалаған. Транспортшылар көлік интерьерін фильмдегідей сақтап қойды. Ақыры автобусты Канзастағы фильмнің шынайы жанкүйерлері, көпбалалы отбасы сатып алды. Олар автобусты дәл сол қалпында сақтауға уәде берді.
«Капитан Фантастик» фильмі өткен жылы шыққан. Картинадағы басты рөлді биылғы жылы «Оскардың» үміткері атанған Вигго Мортенсен сомдады.
Картина сюжеті басқа адамдардан жырақта өмір сүріп жатқан америкалық отбасы туралы баяндайды. Алайда, оларға жағдайға байланысты балалары өмірі көрмеген өркениетке қайта оралуға тура келеді.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін