«Жол көрсеткіш жұлдыз» анимациялық таспасының трейлері
Желіге «Жол көрсеткіш жұлдыз» анимациялық комедиясының алғашқы дубляждалған трейлері мен ресми синопсисі шықты. Кинотаспа айналымға 7 желтоқсанда шығады.
«Аяғы аспаннан келген» фильмі үшін «Оскардың» үміткері атанған Тимоти Рекарттың жаңа анимациялық комедиясы диірменде жұмыс істейтін кішкентай әрі батыр есек Бо туралы баяндайды. Ол бостандық пен әлем саяхатына шығуды армандайды. Бір күні оның арманы орындалады. Бо өте жарқын жұлдызды көреді. Ол барлығын тастап, жұлдыз көрсеткен жолмен кете барады.
Осылайша ол әсерлі саяхатқа шығады, жол бойы сүйкімді қой, қалжыңбас кептер және түйелер үштігі сынды жаңа достарды кездестіреді.
Бұл компания ең керемет әрі ғажайып оқиға – Иса пайғамбардың дүниеге келуінің куәсі болады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін