«Красавицы и Чудовища» трейлері
Disney өзінің YouTube-тағы аккаунтына «Красавица и Чудовище» мюзиклінің алғашқы трейлерін жариялады. Бұл 1991 жылғы толықметражды мультфильмнің нұсқасы. Ремейкте мультиктің барлық кейіпкерлері бар: Белль (Эмма Уотсон), Чудовище (Дэн Стивенс), Гастон (Люк Эванс), әкесі Белль - Морис (Кевин Клайн), Люмьер (Юэн Макгрегор), Когсворт (Иэн Маккелен) және миссис Потс (Эмма Томпсон). Фильмге музыка жазғандар Алан Менкен және Тим Райс. Сондай-ақ жаңа персонаж да болады - Каденция (Стэнли Туччи) фортепиано. Режиссер - Билл Кондон, ол «Сумеречная сага» картинасының екі бөлімі арқылы белгілі. Тұсаукесері - 2017 жылдың 16 наурызы.






пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін