«Өте біртүрлі әрекеттер» хикаясы екінші маусымының трейлері
Жақында Netflix-тің YouTube-арнасында «Өте біртүрлі әрекеттер» хикаясы екінші маусымының трейлері пайда болды. Үшминуттық ролик Хокинс кіші америкалық қалашығында болған оқиға туралы баяндайды. Бірінші бөлімінің тұсаукесері Хэллоуин қарсаңында 27 қазанда болмақ.
Сюжеті 1984 жылғы кезеңді көрсетеді. Хокинс қаласында әлі де сабырсыздық. Қара күштер өздері туралы Уилл балақайдың есіне сала береді, ал достарына күн көрсетпейді.
Екінші маусым 9 эпизодтан тұрады.
Жобаның шоураннерлері – ағайынды Мэтт пен Росс Даффер.
Бұл маусымда қайтадан Финн Уолфхард, Гэтен Мэтараззо, Ноа Шнапп, Калеб МакЛафлин, Милли Бобби Браун және т.б. ойнайды.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін