È

«Джон Уик» атыс-шабыс фильмінің үшінші бөлімі 2019 жылы жарыққа шықпақ

«Джон Уик» атыс-шабыс фильмінің үшінші бөлімі 2019 жылы жарыққа шықпақ. Әлемдік кино

Мұндай ресми мәлімдемені жақында Lionsgate студиясы хабарлады. 2019 жылдың 17 мамырында «Джон Уик» экшн-франшизасының әйгілі үшінші бөлімінің тұсаукесері болмақ.

Әзірге дәл сол күні бәсекелес жобалар шыға қоймайтын секілді.

Франшизаны табысты деуге болады, себебі 2014 жылы жарыққа шыққан бюджеті 20 миллион долларды құрайтын бірінші бөлімі әлемдік касса бойынша 86 миллион доллар табыс тапқан. Сюжеті жалдамалы киллер туралы баяндайды, ол өзінің қожайындарына қарсы шығады. Себебі, қожайындарының ұрпақтарының біреуі басты кейіпкердің марқұм сүйікті әйелінің итін өлтіріп қояды.

Сиквелі 2017 жылы шықты, бюджеті 40 миллионды құрайтын туынды әлемдік айналымда 171,5 миллион доллар табыс тапқан. Сиквел сюжеті басты кейіпкердің қанішерлер тобының көзін құрту үшін Римге аттанғанын көрсетеді.

Бірінші бөлімді Чад Стахелски және Дэвид Литч қойған, ал сиквелімен тек Чад Стахелски айналысты.

Сонымен қатар, Lionsgate «Джон Уиктың» спин-оффын жасауды ойлап отыр. Студия жалдамалы қанішер ретінде тәрбиеленген қыз туралы баяндайтын «Балерина» сценарийін сатып алған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Тимур Жақсылықов

Сценарист

Алексей Пантелеев

Актер