È

TriStar «Тақтардың ойыны» картинасының режиссері Мэтт Шекманды балаларға арналған фильм ремейкінің түсірілімін басқаруға шақырды

TriStar «Тақтардың ойыны» картинасының режиссері Мэтт Шекманды балаларға арналған фильм ремейкінің түсірілімін басқаруға шақырды

Режиссер Мэтт Шекман («Тақтардың ойыны», «Жақсы жар» хикаялары) TriStar қалауымен Нортон Джастердің «Елесті күрке» классикалық балалар кітабының жаңа экрандауының түсіріліміне басшы ретінде шақырылды. Бұл роман маңыздылығы мен әсерлілігі жағынан оқырмандар үшін Льюис Кэрроллдың «Алиса Ғажайыптар әлемінде» және Фрэнк Баумның «Оз елінен шыққан сиқыршы» сынды шедевр туындылармен бір қатарда тұрады.

Фил Джонстон («Зверополис», «​Ральф») осы таспа сценарийінің соңғы нұсқасын жазды. «Елесті күрке» алғаш рет Жюль Файффердің кескіндемелерімен 1961 жылы жарыққа шыққан болатын.

Кітапта барлығына бей-жай қарайтын, ештеңеге таң қалмайтын Мило есімді бала туралы баяндалады. Ал бөлмесінде елесті күрке пайда болған кезде, соның ашық тұрған есігіне балалар көлігі арқылы кіреді де, ғажайып әлемге тап болады. Мило жарқын кейіпкерлері бар қызықты әрі жұмбақ жерге келеді. Ол жақта ұрланып кеткен Райм мен Ризон ханшайымдар, үлкен күзетші ит Ток бар. Балақай өмірдің өзі ойлағаннан да әсерлі болатынын біледі.

50 жылдан астам уақыт бұрын жарыққа шыққан «Елесті күркенің» тиражы бірнеше миллион дананы құрайды.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Досхан Жолжақсынов

Актер