Оливер Стоун өткір саяси тақырыптағы фильмдерімен аты шықты. Режиссердың соңғы жұмыстарының бірі Эдвард Сноуден жайлы картина. Сондай-ақ режиссер «Украина в огне» фильмінің продюсері болды, осы фильм алғаш рет Ресейде көрсетіледі. Фильм режиссеры - Игорь Лопатенок - ұлты украин америкалық азамат. Фильм 1941-ден бастап 2014 жылға дейінгі Украина туралы баяндайды, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Украина, Украинаның саясаты, түрлі-түсті революцияның салдарынан болған соғыс, майдандағы оқиғалар да қамтылған. Оливер Стоун арнайы фильм үшін Ресейдің прехзиденті Владимир Путиннен және Украинаның бұрынғы президенті Виктор Януковичтен сұқбат алған.
Фильм 21 қарашада Ресейдің телеарналарында көрсетіледі.