Сібір ормандарында
Француздық режиссер Сэфи Неббу қашық та, ғажап Сібірге саяхаты туралы фильм түсірді. Картина сюжеті жазушы, саяхатшы Сильвен Тессонның осыдан бірнеше жл бұрын шыққан автобиографиялвқ кітабының негізінде жазылған. Фильм француз көрермендерінің арасында ерекше танымалдыққа ие болды. Олардың көпшілігі сұлу да, сиқырлы қашықтағы Сібірді көруге армандап кетті.Көрсетілімнің алғашқы аптасында фильмді сексен мыңнан астам адам тамашалады. Режиссердің өзі сұқбаттарының бірінде Сібірге деген махаббаты туралы айтты, онда уақыт саябырсып, күндер еркін болады. Актер Рафаэль Персонас та дәл осындай пікірде. Оған ерекше әсер еткен Байкал көлі, актердің айтуынша, көлдің ұзындығы Париж бен Марсельдің аралығы секілді, Сібірдегі ғажап атмосфераны Сэфи Неббу фильмінде толық бере алды.







пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін