È

HBO «Игра престолов» әлемінде тағы да 4 хикая жасауды жоспарлап отыр

HBO «Игра престолов» әлемінде тағы да 4 хикая жасауды жоспарлап отыр. Әлемдік кино

Әйгілі Джордж Р.Р. Мартиннің «Песнь Льда и Пламени» кітабының желісімен түсірілген «Игра престолов» хикаясы үшін сегізінші маусым соңғы болмақ. Алайда, жанкүйерлердің көптігі мен хикаяға деген махаббаттарын ескере отырып, HBO бұл жобадан толық бас тартпайды. Арна Джордж Р.Р. Мартиннің ойлап тапқан әлемін кеңейтуді жоспарлап жүр.

Осылайша, оқиғаны өрбітуге негізгі авторға қосымша тағы да төрт жаңа сценарист келді. Барлығының бір ғана тапсырмасы бар: Вестеростың өмір сүруіндегі 4 түрлі оқиғаны ойлап табу және олардың әрқайсысы әр түрлі уақытта өрбитін болуы тиіс.

Р.Р. Джордждан бөлек, жобаға Джейн Голдман («Жұлдызды шаң»), Брайан Хелгеленд («Лос-Анджелес құпиялары» фильмінің сценарийі үшін «Оскар» алған), Макс Боренштейн («Ерекше пікір» хикаясы), Карли Рэй («Нақұрыстар» хикаясы) атсалысады.

HBO барлық төрт хикаяны түсірмейді. Арна тек франшиза дамуының жаңа сатысын ойлап отыр. Компания үздік оқиға немесе оқиғаларды таңдау үшін ғана сценаристді жалдаған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Төлеубек Аралбай

Актер

Аян Өтепберген

Актер