70-Канн фестивалі аясында Жан-Стефан Совердің «Таңғы дұға» фильмі көрсетілді
Жан-Стефан Совер Канн көрсетілімінде жүлдеге ие болған «Құтырған ит Джонни» фильмін және көрермендердің ыстық ықыласына бөленген «Панк» драмасын түсірген. Осыдан кейін, режиссерде шығармашылық үзіліс болды. Бүгінде маман «Таңғы дұға» («Предрассветная молитва») драмасымен қайта оралды.
Сюжет желісі бойынша Бангкоктағы британ боксері Биллидің шынайы оқиғасы баяндалады. Оны есірткі пайдаланғаны үшін тұтқындап, тай түрмесіне қамайды.
Фильмнің басындағы ер азамат - британдық Билли Мур (Джо Коул), Бангкокта тұрып, боксерлік жарыстарға қатысып жүреді. Кейін ессіз жүрген күйінде оны тұтқындап әкетеді де, тай тозағына айналған түрмеге қамайды. Түрмеде ондаған тай жауыздары отырады. Билли тез арада қажетті байланыс орнатуды үйрене бастайды. Ол енді түрмедегі бокс жарыстарына қатыса бастайды. Бірақ, есірткіге әбден үйренген Билли ақыл-есінен адасып, жолына тұрғандардың барлығын жайпап салады.
Бұл кино жарқыраған жұлдыз жайында емес, өз-өзін жеңе білу туралы болмақ.
Фильм көрермендерді өзінің деректі шындығымен баурап алады.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін