Желіге «Чужой: Завет» фильмінің прологы шықты
Ролик «Прометей» фильмінің аяқталуынан басталып, кино біткеннен кейін не болғанын көрсетеді. Бейнежазбада 2 адам: Майкл Фассбендер ойнаған андроид Дэвид және Нуми Рапас сомдаған археолог Элизабет Шоу адамдарды дүниеге әкелген Инженерлер ғаламшарына аттанады. Көрермендер бейнероликтің соңғы көріністерінен жақында ғана жарыққа шыққан, Инженерлер ғаламшарына бір нәрсе тастап жатқан көрініс арқылы жасырылған жұмбақтың шешімі екендігін байқай алады.
«Чужой: Завет» фильмінің тұсаукесері 2017 жылдың 18 мамырында болады деп күтілуде.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін