Желіде «Темір аспан: Болашақ нәсіл» фильмінің трейлері пайда болды
«Темір аспан. Болашақ нәсіл» («Железное небо: Грядущая раса») сиквелінің тұсаукесері келесі жылдың ақпан айына жоспарланып отыр. 27 Films Production киностудиясы барлығын қиратқан ядерлік соғыстан кейін аман қалған адамдардың жалғыз бас сауғалайтын орны бұрынғы ұлщылдардың Айда орналасқан базасы болғандығы айқын көрінетін трейлерді ұсынды. Жаһандық апатқа қарамастан, бір топ адам осылайша аман қалды. Ал Жерде бүкіл адамзатты құтқаратын кілт қалып қалған. Жүрек жұтқан батырлар тобы туған ғаламшарына аттанады да, сол жерде бауырмен жорғалаушылардың түрін өзгертіп жатқан көне нәсілдермен және олардың үйретілген динозаврлар әскерімен соқтығысып қалады.
Финдік режиссер Тимо Вуоренсолоның түсірген бірінші фильмі 2012 жылы нағыз сенсация болған еді. Жоба краудфандинг арқылы қаржыландырылған болатын. Сонымен қатар, сиквел «Indiegogo» краудфандингті платформа аясында көрермендер тарапынан жиналған қаржыға өндіріледі. Жобаның демеушілері түрлі базарлықтарға ие болады, ал ең жомарт жандар Берлинде өтетін әлемдік тұсаукесерге барады.
1 пікір
Пікір қалдыру үшін
Мырзахмет
15 мамыр 2017, 22:51Странно