È

«Әйгілі шоумен»: Екінші дубляждалған трейлердің тұсаукесері

«Әйгілі шоумен»: Екінші дубляждалған трейлердің тұсаукесері

Twentieth Century Fox көрермендерді өзінің жаңа жылдық ең басты ұсынысы – «Әйгілі шоумен» мюзикліне дайындап жатыр. Бұл жолы фильмнің екінші трейлерінде басты назарда Хью Джекман («Логан», «Икс адамдары: Ақырзаман») тұр, ол XIX ғасырдағы американдық шоу-бизнестің аңызы Финеас Тейлор Барнумның рөлін сомдайды. Джекман басты назарда бола отырып, ән мен бидің кереметтілігін көрсетеді.

Жалпы, режиссер Майкл Грэйси «Ла Ла Лэнд» әні үшін «Оскар» жүлдесіне ие болған Бендж Пасек пен Джастин Полдың «Әйгілі шоумен» картинасына арнап жазған шығармалары арқылы ойын-сауықтық өндірістің құрылу кезеңін көрерменге жеткізеді.

Барнумды сомдайтын Джекман халықаралық сенсацияға айналған шоуды құрған визионерді көрсеткісі келген. «Әйгілі шоуменнің» алғашқы трейлерінде Барнумның труппа құруға қатысты идеясына баса назар аударылған. Екіншісінде өмірлік арманын жүзеге асыру үшін дарынды ұйымдастырушының қандай қадамға баратыны бейнеленеді.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер