È

Венсан Кассель корей фильміндегі басты рөлдердің біріне бекітілді

Венсан Кассель корей фильміндегі басты рөлдердің біріне бекітілді

Белгілі француз актері Венсан Кассель «Ұлттық банкрот үшін» түсірілім тобына қосылды. Бұл тарихи драманы корей кинематографшылары түсірмек. Басқа да басты рөлдерді Оңтүстік Корея жұлдыздары Ю А-ин және Ким Хе-су сомдайды.

Фильм өндірісі осы айда Zip Cinema-да басталады. Таспа әлемдік кең айналымға 2018 жылдың соңында шығады деп жоспарланып отыр.

Режиссер Чхве Гюн-хидің фильмі 1997 жылғы азиаттық қаржылай дағдарыс туралы баяндайды. «Ұлттық банкрот үшін» фильміндегі оқиға бір аптада болады, ол кезде Оңтүстік Корея Халықаралық валюта қорымен құтқарылған еді.

Ю А-ин («Ардагер», «Тақ») мемлекеттік шығынға ұшырағанына қатысты бәс тіккен салымшыны сомдайды. Актриса Ким Хе-су («Ұрылар», «Гүлдер шайқасы») Корея банкінің аға қаржы сарапшысын бейнелейді. Венсан Кассель («Өшпенділік», «Оушеннің он екі досы», «Қара аққу») көрермендерге Халықаралық валюта қоры бастығының образын ұсынады. «Ұлттық банкрот үшін» фильмінің жалпы бюджеті 8,6 миллион долларды құрамақ.

Корей киноөндірісі қазіргі таңда басты рөлдерге шетелік актерларды шақыруды әдетке айналдырған. Былтыр Лиам Нисон «Хромит операциясы» картинасына атсалысқан. Неміс актері Томас Кречман «Такси жүргізушісі» фильмінде басты рөлдердің бірін сомдады. Екі фильм де айналым үздіктері атанған. «Такси жүргізушісі» Оңтүстік Корея атынан шет тіліндегі үздік фильм ретінде «Оскарға» ұсынылған.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ерлан Хайрушев

Актер

Никита Казанцев

Актер

Елхан Аманқұлов

Актер

Рүстем Түрікбенбаев

Актер

Қуат Исаев

Режиссер

Нұржан Рүстенов

Актер

Ержан Жарылқасынұлы

Актер