«Мұның барлығы рас»: Кеннет Брана Шекспир рөлінде
Sony Pictures Classics студиясы режиссер Кеннет Брананың («Шығыс экспрессіндегі өлім», «Күлбикеш») «Мұның барлығы рас» драмасының ресми трейлерін ұсынды, режиссер басты рөлді, әйгілі драматург Шекспирді өзі сомдады. «Мен ұзақ уақыт бойы қиял әлемінде өмір сүрдім, сондықтан шынайылықты жоғалтып алыппын», - дейді Брананың кейіпкері жұмыстарынан босап қалған соң.
«Мұның барлығы рас» Шекспирдің соңғы өмірі жайлы баяндайды. Кеннет Брана, өзінің айтуы бойынша, «Гамлет» және «Ромео мен Джульеттаның» авторының өміріндегі сол кезеңді ұзақ уақыт бойы экрандағысы келген. Замандастарының пікірінше, драматург көптеген пьесаларының табысы мен еңбектерінің танымалдылығы артқан соң, терең ішкі күйзелісті басынан өткерген.
«Мұның барлығы рас» жобасындағы оқиға 1613 жылы өрбиді. Кенеттен жаман жағдай орын алады: Шекспирдің барлық қойылымдары өткен «Глобус» театры түгелдей жанып кетті. Әбден қалжыраған ол Стратфордқа қайта оралады, сол жақта бұрынғы мәселелерімен бетпе-бет келіп, атақ үшін тастап кеткен отбасымен кездеседі. Туындыларынан тыс қалған драматург әйелі мен қыздарының арасындағы қарым-қатынасты түзеуге тырысады.
«Мұның барлығы рас» драмасы 2019 жылдың 8 ақпанынан бастап көрсетіледі. Афишамызды қарап жүріңіздер.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін