È

«Нина жайлы»: фильм авторлары зорлық құрбандарына тегін көрсетілім ұсынды

«Нина жайлы»: фильм авторлары зорлық құрбандарына тегін көрсетілім ұсынды

«Нина жайлы» фильмінің авторлары зорлық құрбандарына тегін көрсетілім ұсынды. Режиссер әрі сценарист Эва Вивестің дебютті толықметражды комедиялық драмасы Нью-Йорк пен Лос-Анджелес тұрғындарына сенбі күні көрсетіледі. «Зорлық көрсетушілердің қүрбанына айналғандардың мәселесі мен жарақаты туралы көркем құралдар арқылы аз айтылды, сондықтан мен осы фильмнің сценарийін жазып жатқанда, бір секундқа да күмән келтірмедім», - деп мәлімдеді Вивес.

«Нина жайлы» фильмінің авторлары сыншылардың пікірін күтпейді, олар жұмыстарына резонанс туғызып, өздері көрсетілім ұйымдастырады, сол арқылы таспаның қазіргі күнге сай екендігін білдірмекші. Таспа сюжеті стендаптің әзілге толы нөмірлерімен айналысатын Нина жайлы баяндайды. Жас әйелді интимді жақындасу алдында қорқыныш билейді, сондықтан ғашығының сезімін қор қылмас үшін, Нью-Йорктен Лос-Анджелеске көшіп кетеді.

«Осы аптада #MeToo қозғалысының мықтылығына қарамастан, бұрын-соңды болмағандай, біз де өз-өздеріне сенетін әйелдер қатысатын күресті жүргізуді жалғастырамыз. Мен аман қалдым. Мен аман қалғандарға сенемін. Сондықтан, біздің дауысымыз бен хикаяларымыз естілуі тиіс. Әрине, менің фильмім әлемдегі барлық мәселені шеше алмайтынын түсінемін, дегенмен басқа қырын да жақсы білемін. Менің хикаям – бұл таспа есею мен қараңғы қапастан жарыққа шығу туралы. Түсірілімде көз алдымда болған дүниелер өз-өзімді кешіріп, үміт жаққа жетеледі», - деп хабарлады режиссер ресми мәлімдемесінде.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса