Warner Bros. «Әділдік одағының» соңғы трейлерін таныстырды
DC әлеміне ғаламды қапас түнектен қорғауға тиіс төрт суперкейіпкер қайта оралады.
Супермен өлді, бірақ Жерге аса үлкен қауіп төніп тұр.
Бэтмен Ғажайып әйел, Аквамен, Флэш пен Киборгтан тұратын топ жинайды. Оқиғаның өрбуі әдеттегідей орын алады, ал DC суперкейіпкерлер киноәлеміне қайтадан бояу мен үміт келгендей болды, себебі фильм «Бэтмен Суперменге қарсы» картинасынан да жоғары жетістікке жетуді көздеп отыр.
«Әділдік одағы» фильмін Зак Снайдер түсіре бастаған болатын, бірақ жеке басының қайғысына байланысты жобадан кеткен. Нәтижесінде картинаны Джосс Уидон аяқтайды.
Тұсаукесері 16 қарашаға жоспарланып отыр.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін