È

«Мен алпауыттармен күресемін»: фантастикалық драманың дубляждалған трейлері

«Мен алпауыттармен күресемін»: фантастикалық драманың дубляждалған трейлері

Торонтодағы халықаралық фестивальде алғаш рет ұсынылған «Мен алпауыттармен күресемін» фантастикалық драмасының алғашқы дубляждалған трейлері жарыққа шықты. Фильм түсірілімімен 2014 жылы «Гелий» қысқаметражды фильмімен «Оскар» жүлдесін иеленген даттық режиссер Андерс Вальтер Хансен айналысты. Картинаның негізгі сюжеті Джо Келлидің «Мен алпауыттарды өлтіремін» аттас графикалық романына негізделген.

«Мен алпауыттармен күресемін» фильмінің жас кейіпкері Барбара Торсонның (Мэдисон Вульф, «Қарғыс 2», «Джой») өмірін қарапайым деп айтуға келмейді. Дөрекі, ашық-жарқын және үнемі жалғыз жүретін Барбара қоршаған ортада емес, айдаһарлар мен жер асты әлемінде көбірек өмір сүреді. Ол өзінің үлкен әпкесі Каренге (Имоджен Путс, «Фрэнк және Лола», «Лас») қамқорлық танытады.

Мектеп психологы Молле ханым (Зои Салдана, «Түн заңы», «Галактика сақшылары») Барбараның мазасыз іс-әрекеттеріне алаңдаушылық білдіреді. Барбараның қорқынышы күшейгендіктен, оның елестеткен өмірі шындыққа айнала бастайды және алпауыттарды іздеу, өлтіру оның өміріне толығымен енеді. Барбара шындықты қабылдаған соң ғана, өзінің қорқынышы мен жындарын жеңе алады.

«Мен алпауыттармен күресемін» фантастикалық драмасы көрсетілімге 29 наурыздан бастап шығады.

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Ақан Сатаев

Режиссер