È

«Жас алпауыттар, алға!»: DC-дің анимациялық фильмінің алғашқы трейлері батырларды мазақ етуде

 «Жас алпауыттар, алға!»: DC-дің анимациялық фильмінің алғашқы трейлері батырларды мазақ етуде

«Жас алпауыттар, алға!» анимациялық фильмінің алғашқы трейлері жарыққа шықты, оның көрсетілімі рекордты санға жетіп қалды. Бұл заңды да. Таспа режиссерлары Аарон Хорват пен Питер Райда Михаил DC комикстер топтамасына негізделген және Cartoon Network-қа шығып жүрген аттас мультхикаяның түсіріліміне бірнеше жыл бойы басшылық етіп келеді, сондықтан үлкен экранға бейімдеуінің шығуы уақыттың еншісіндегі дүние болатын.

«Жас алпауыттар, алға!» анимациясының сюжетінде жасөсіпірімдер тобының бейресми көшбасшысы Робин фильмдер мен комикстердегі батырлардың жағдайын түзеуге толықтай дайын. Ол жас достарымен бірге нағыз жұлдыз болғылары келеді. Ендігі басты міндет – ең танымал Голливуд режиссерін өздеріне назар аударту. Бірнеше ессіз идеялармен, үлкен үмітпен және жүректегі әндерімен Жас Алпауыттар Бояма Қалашыққа аттанады.

Кейіпкерлер армандары осы қалада орындағылары келеді, бірақ жолдарына зұлым кедергі келтіріп, Жерді басып алуға ұмтылады. Осы жағдайдан соң жасөспірімдер тобының жоспары күрт өзгереді, жағдай шиеленісіп кетеді. Бірақ, балалар одан сайын бірігіп, достықтары нығаяды, ал жігерлері мен биік шыңды бағындыруға деген ұмтылыстары жоғарылай түседі. Тағдырдың өзі олардың нағыз батыр атануына мүмкіндік береді.

«Жас алпауыттар, алға!» мультфильмінің Қазақстандағы тұсаукесері 26 шілдеге жоспарланып отыр.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Даник

15 января 2018, 02:48

Күлкілі мультик)))

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Құралай Анарбекова

Актриса