«Игра престолов» жобасының авторлары мен шоураннерлері Дэвид Бениофф және Д.Б. Уайсс жетінші эпизодтың тұсаукесері кешігетінін жөнінде жариялады.Өйткені түсірілімінің көп бөлігі солтүстік Ирландияда өтіп жатыр. Қазір ол жақта күн жылынып кетті, ал сюжет бойынша Вестеросте қыс мезгілі болу керек. Жоба командасы ауа райының жауын-шашынды болғанын күтіп жатыр. Сондықтан түсірілімнің күні мен тұсаукесердің шығатын күні артқа шегіндірілуде. Негізі түсірілім тобы қалыптасқан әдет бойынша жетінші маусымды келесі жылдың көктемінде көрерменге ұсынамыз деп жсопарлаған болатын, бірақ ауа райы қолайсыз болып тұр.