È

«Алтын глобус»: қара түстің елу түрі

«Алтын глобус»: қара түстің елу түрі

«Алтын глобус» жүлдесінің марапаттау салтанаты дәстүрлі түрде жұлдыздар шеруіне айналды. Бұл шарада жылтыр әрі сәнді киімдер мен дресс-код қалыпты жағдай болып саналады. Бірақ, осы жылы Мэрил Стрип пен Мишель Уильямс сынды жұлдыздар қара киімді киюді құп көріпті.

Голливуд элиталары неліктен сүреңсіз қара түсті киюді ұйғарды? People журналы желтоқсанда осы шараға актрисалардың қара түс киіп келетінін, осылайша Голливудтағы сексуалды әрекеттерден зардап шеккендерге қолдау білдіретіндерін жазған болатын. Кино өндірістің Харви Вайнштейн, Кевин Спейси, Дастин Хоффман, Луис С.К., Морган Сперлок және т.б. көптеген өкілдеріне айып тағылған еді.

Райан Сикрест, Келли Кларксон, Эллисон Дженни, Финн Вулфард, Рэйчел Броснахэн және көптеген жұлдыздар «Алтын глобусқа» қара киім киіп келген.

Райан Рейнольдс, Том Хиддлстон, Арми Хэммер, Брэдли Купер және Дуэйн Джонсон сынды бірнеше ер азаматтар да, шоу жүргізушісі Сет Мейерс те киноөндірістегі әйелдерге қолдау білдіріп, шараға қара киім киген.

Риз Уизерспун, Гэдот қызы және Шонду Рхаймс сынды 300-ден астам танымал актриса бұл әрекетке қатысты өз пікірлерін білдірді. Керри Вашингтонның сөзінше, бастапқыда «Алтын глобус» марапатына бойкот жариялау туралы ұсыныстар болған екен. Ақыры, барлығы жүлденің қатысушылары мен үміткерлерін қолдап, түгел қара киім киіп келуді ұйғарған.

1 пікір

Пікір қалдыру үшін

Мырзахмет

14 января 2018, 02:44

Тупой фильм, даже если потом все станет радугой.

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Берік Айтжанов

Актер