«Алтын глобус»: үміткерлердің тізімі анықталды
Beverly Hilton қонақ үйінен тікелей эфирде бейсенбі күні жыл сайынғы 76-шы «Алтын глобус» жүлдесінің үмтікерлері жарияланды. АҚШ-тың 46-шы вице-президенті Дик Чейни жайлы баяндайтын Адам МакКейдің «Билік» өмірбаяндық фильмі алты категория бойынша алда келеді.
«Алтын глобус» жүлдесін өткізіп жүрген ұйым, шетелдік баспасөздің Голливудтық қауымдастығы Брэдли Купердің «Жұлдыз дүниеге келді», Йоргос Лантимостың «Сүйікті» және Питер Фарреллидің «Жасыл кітап» таспаларын бес номинацияда белгіледі.
Тележобалардың ішінде үздіктердің қатарында төрт номинацияда бақ сынайтын «Джанни Версаченің өлімі: Американдық қылмыстар оқиғасы» кіші көлемді хикаясы және «Барри», «Комински әдісі» мен «Үйге оралу» картиналары жүлденің үш аталымын жеңіп алды. Одан бөлек, «Өткір заттар», «Төтенше ағылшын дауы» және «Ғажайып Мейзел ханым» хикаялары жүлдесіз қалмайды.
«Алтын глобус» жүлдесінің марапаттау салтанаты бір айдан кейін, 2019 жылдың 6-қаңтарында өтеді.
пікірлер жоқ, бірінші болыңыз
Пікір қалдыру үшін