È

«Аң»: психологиялық триллерге арналған алғашқы халықаралық трейлер

«Аң»: психологиялық триллерге арналған алғашқы халықаралық трейлер

Film4 компаниясы режиссер әрі сценарист Майкл Пирстің психологиялық жұмбақ «Аң» триллеріне арналған трейлерді ұсынды. Бұл таспа осы жылы Торонтодағы және Лондондағы фестивальдерде, сондай-ақ Сандэнсте үлкен табыс әкелді. «Аң» атауы – бұл «Джерсидегі аңдар» атауымен белгілі қайғылы қылмыстық істерге сілтеме болып табылады. Барлық оқиғалар Англияның жағалауы жанындағы Джерси аралында өтеді.

Джесси Бакли («Табу» хикаясы, «Бейбітшілік және соғыс») оқшауланған қоғамда өмір сүретін, әлеуметтік және эмоциялық тоқырауға ұшыраған әйел Моллды сомдайды. Ол өзінің озбыр ата-анасының қатал бақылауымен және бірнеше адамның өліміне күдікті, бейтаныс Паскальға деген махаббатын сырт көзден жасырумен арпалысады. Паскальдың рөлін Netflix ұсынған «Барлық байланысты есте сақтау» хикаясымен танылған Джонни Флинн сомдады.

«Аң» фильмінің ресми синопсисі төмендегіше: Моллдың жасы 27-де, бірақ ол әлі де ата-анасымен бірге тұрады. Ол кішігірім аралдың тұрғындарының арасында өзін жайсыз сезінеді, бірақ кетіп қалайын десе, отбасына әбден бауыр басып қалған. Ол Паскальды кездестірген кезде өзі үшін бейтаныс, жаңа әлемге тап болады. Молл шынайы ғашық болып, алғаш рет өзін жанды бейнеде сезінеді. Өзінің отбасынан еркіндікке кеткен Молл Паскальмен жаңа өмір бастайды. Бірақ, оны аяусыз кісі өліміне күдікті ретінде тұтқындағанда Моллды қорқыныш билеп, қоршаған ортадан толық оқшауланады...

«Аң» психологиялық триллерінің ауқымды айналымдағы көрсетілімі 27 сәуірге белгіленген.

 

пікірлер жоқ, бірінші болыңыз

Пікір қалдыру үшін

Рекомендуем

Мировое кино

5 Мамыр, 2016

Рассел Кроу «Мумия» фильміне түсуге шақыру алды

Universal студиясы хоррор жанрындағы фильмдерді тағы бір жаңаламақшы. 

Айнур

Мировое кино

23 Мамыр, 2016

Үнемділік немесе «Фарго»-ның жаңа маусымындағы жаңалық

Сериалдың үшінші маусымында  Юэн МакГрегор 2 рөл ойнайды. 

Айнур

Мировое кино

18 Мамыр, 2016

Канн фестивалінің ережесіне сай емес

Педро  Альмодовараның «Джульетта» кинолентасы Канн фестивалінің қалыптасқан ережесін бұзды. 

Айнур

Мировое кино

17 Мамыр, 2016

Жерар Депардье Канн фестивалін сынады

Осы жолы Канн фестивалінде көрген дүниелері Жерар Депардьенің ашуын келтірді. 

Айнур

Таныс бейне

Әмір Қарақұлов

Режиссер

Бибігүл Ақтан (Сүйіншәлина)

Актриса